Тексеру аяқталды

SeeU қолданбасына оралыңыз — нәтиже «Подтверждение личности» (Жеке басты растау) экранында көрінеді. Әдетте бұл бірнеше минут алады; жауап ұзақ болмаса, экранды қайта ашыңыз, қолданба ол туралы қайтадан сұрайды.

Бұдан кейін не болады

Тексеруді әріптес жүргізеді. Құжат пен фотосурет сонда қалады: SeeU тек жауапты — жеке бас расталды ма, жоқ па — және тексеру күнін алады. Біздің нақты нені сақтайтынымыз Құпиялылық саясатында сипатталған.

Тексеруден өтпесеңіз, оны қолданбада қайталауға болады. Екінші реттен де шықпаса, бізге жазыңыз: «Настройки» → «Помощь и поддержка» (Параметрлер → Көмек және қолдау) немесе support@seeu.kz — қолмен растаймыз.